Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1 қала қатаң карантинге жабылды

9 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу үшін қатаң карантинге жабылды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Булаев және Мағжан Жұмабаев ауданының басқа ауылдары, сондай-ақ Петропавл арасында ресми, бейресми тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.

Сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін тұрғындардың үйлерден шығуы шектеледі (жұмыс және медициналық көмектен басқа). Қалған уақытта жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға шығуға, қоқысты шығаруға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, көршілерге, таныстарға, туыстарға, әріптестерге баруға тыйым салынады.

Сағат 19.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз кәмелетке толмағандардың жүруіне шектеу қойылды. 65 жастан асқандарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау керегі айтылды.

Қатысты жаңалықтар

Ақтөбелік сынықшы шыққан қолды онлайн салып береді

azatmedia

БАУЫРМАЛДЫҚ ПЕН ЖОМАРТТЫҚ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНАН ДАРЫҒАН

azatmedia

South Africa Bettr Get Ready For New Mobile Banking Service

azatmedia

Пікір қалдыру