Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: АУДАН ӘКІМІ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесі аясында Қосжан Мүсірепов атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің мүшелерімен кездесті. Басқосу барысында бірлестік мүшелері атқарған жұмыстары туралы айтып, естеліктерімен бөлісті. Аудан басшысы өз кезегінде өңірдегі өзгерістерді тілге тиек етіп, өнер мен мәдениетті дамыту бағытындағы жоспарларын ортаға салды. – Ұлттың үніне тең болған аспабымыз – домбыраны насихаттау бойынша әр сәрсенбі ауданымызда арнайы шаралар өтуде. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі барлық ауыл округтерде жас ақындар мектебін қалыптастыру бойынша жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, туған жердің тарихын дәріптеуді көздейтін «Өлкетану» клубы жасақталды. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы бүгінде жас ұрпақтың руханиятын көтеруге қатысты нақты нәтижелі жұмыс керек екенін ұдайы айтып келеді. Біз кезең – кезеңімен мәдениет ошақтарын ретке келтіреміз. Бастысы, кейінгі жас ұрпақтың мәдениеті сол жұмыстарды жетілдіруге жетуі тиіс, – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар Жапония мен Оңтүстік Кореядағы тайфуннан қалай аман қалды (фото, видео)

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

azatmedia

«ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?»

azatmedia