Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 104 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл соңында 104 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Осылайша 5800 отбасы баспаналы болады. Үйлердің басым көпшілігі негізінен әкімшілік-іскерлік орталығында, «Шымкент сити» мен «Тұран» шағын аудандарында бой көтеруде.

Тапсырлатын үйлердің 59-ы яғни, 3732 пәтер бюджет есебінен салынып жатса, жалпы 1157 пәтер болатын 26 үй «Shymkent» ӘКК» АҚ арқылы, ал жеке салушылар есебінен 19 үй ол 911 пәтер.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысандардың сапалы және уақтылы аяқталуын бақылау мақсатында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Тұрғындар тарапынан сапаға қатысты көптеген шағымдар келіп түсетінін айтқан қала басшысы құрылыс компаниялары бірінші кезекте сапаға мән беру керек екенін айтты.

«Ең басты талап – сапа. Біз тұрғын үй салушыларға әрдайым қолдау көрсетеміз. Сіздер тараптан сапалы жұмыс істелінуі керек. Әрине, құрылыс жұмыстарының қала экономикасына қосар үлесі мол. Қалаға келетін инвесторлар да алдымен құрылыс барысына мән береді», — деді қала әкімі.

Сонымен қатар, әкім салынып жатқан баспаналар әуелі көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға және жұмыс істейтін жастарға берілетінін атап өтті.

Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында және «7-20-25» бағдарламасымен, барлық қаржы көздері есебінен 14 224 пәтерлі 262 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның астанасы ауысады ма?

azatmedia

Қазақтың «Тақиялы періштесі» өмірден озды

azatmedia

Ratings of Illinois’ Prime Insurance Company Upgraded

azatmedia

Пікір қалдыру