Спорт

Барселона Мессиді Англияға сатуға келісті

messi

Барселона Каталондық футбол клубы әлемге әйгілі шабуылшы Лионель Мессиді Манчестер Сити клубына сатуға келісім берді. Бұл туралы британиялық таблоид Mirror жазды, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Испания басылымдарының ақпаратына сүйенсек, сауда-саттық келісімінде 250 млн фунт стерлинг (140 144 707 108 теңге!!!) көлеміндегі қаражат туралы айтылған. 

Басылымның мәліметінше, екі клуб та Мессидің әрі қарай мансабын Манчестер Ситиде жалғастыратынына сенімді. Команданың бас бапкері Рональд Куман өзінің достарына команданы Мессисіз ойынға дайындап жатқанын айтқан.

Осы жазда Месси Барселонаға факс жіберіп, клубтан кетуге ниетті екенін хабарлаған. Каталондықтар факстің келгенін растады. Дегенмен, аргентиналықтың келісімшартты бұзуға заңды тұрғысынан мүмкіндігі жоқ екенін айтты.

Бұған дейін әлемдік БАҚ-та каталондықтардың президенті Хосеп Мария Бартомеу Месси Барселонада қалса, отставкаға кетуге дайын екендігі туралы ақпарат тараған. 

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: ҮЛГІЛІ АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: 5 ЖЫЛДА 45 СПОРТ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СОЗАҚ АУЫЛЫНДА ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру