Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Серік Мамытов ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелердің бірі – ағын су арналарының қазіргі жағдайын зерделеу мақсатында жауапты сала басшыларымен бірге су өткізу қабілетін арттыру мақсатында тазарту жұмыстары жүргізілген каналдарды аралап, орындалған жұмыстардың сапасына зерделеу жүргізді. Механикалық тазалау барысында канал табандарында жиналған лай-қоқыстар, шөгінділер мен бөгеттер алынған. Бұл өз кезегінде ағын судың еркін өтуіне және егістік алқаптарды сумен уақытылы қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді.
Сондай-ақ аудан басшысы көршілес Өзбекстан Республикасынан келіп жатқан ағын судың көлемін де көрді. Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда су қалыпты деңгейде, вегетациялық кезеңде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қатаң бақылау қажеттігі атап өтілді.
Серік Үсенұлы су тапшылығының алдын алу, ысырапшылдыққа жол бермеу және шаруалардың сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында жауапты мекемелерге каналдарды жүйелі түрде тазалау жұмыстарын жалғастыру, гидротехникалық нысандардың техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау, су бөлу кестесін әділ әрі тиімді ұйымдастыру секілді нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар су шаруашылығы саласында заманауи су үнемдеу технологияларын енгізудің маңыздылығына, шаруалармен түсіндіру жұмыстарын күшейтуге, стратегиялық маңызы бар ресурсты ұқыпты әрі жауапкершілікпен пайдалануға бағытталған нақты шараларды іске асыру жолдары сөз болды.
Алдағы кезеңде ағын су арналарының тиімділігін арттыру мақсатында цифрлық бақылау тетіктерін енгізу, су көлемін онлайн режимде есепке алу және мониторинг жүргізу мәселелері де қарастырылуда. Бұл шаралар су ресурстарын әділ бөлуге, дер кезінде шешім қабылдауға және төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, тиісті сала мамандары тарапынан шаруаларға әдістемелік қолдау көрсету жұмыстары күшейтілмек.
Жалпы, су шаруашылығы жүйесін жетілдіру – аграрлық аймақ үшін стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі. Жүйелі бақылау мен нақты жоспарлау нәтижесінде егіс алқаптарының өнімділігі артып, ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына негіз қаланады. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының нығаюына және тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына оң әсерін тигізеді.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта су арналарының бойында профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізу, қауіпті учаскелерді күшейту және қажетті жерлерде қосымша реттегіш құрылғылар орнату жоспарлануда. Мұндай кешенді шаралар су айналымын тұрақтандырып, табиғи факторларға тәуелділікті азайтуға және өңірдегі егін шаруашылығының тиімділігін арттыруға ықпал етпек.
