Қатерлі ісікке шалдыққан жандарға көмек қолын созып жүрген халық және рухани емшілер мекемесінің мүшесі Динара Орынтайқызы коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды тұзбен емдеуде.
Дәстүрлі және халықтық медицинаны ұштастырған ол, осыған дейін аталған ауруға арналған вакцинаның құрамына кәдімгі тұзды пайдалану керек деген еді. Халық емшісі туралы бұған дейін жазған болатынбыз.
Жасөспірім кезінде белгісіз дертке шалдығып, Жаратушының сыйлаған қасиетінің арқасында «көзі рентген әйел» атанған Динара Орынтаеваның есімімен әулиеата жұртшылығы кеңінен таныс.
Бүгінде Ол Тараз қаласында тұрады. Талай адамның дертіне шипа сыйлап, Құранмен емдеп, шөп дәрі жасайды. Өкпе, жатыр мойыны обырына ем-шара жасап, талай адамның өмірге деген үмітін қайта оятты.
— Үш жыл бұрын өкпе обрына шалдықтым. Ота жасатып, химия алдым, алайда жағдайым жақсармады. Бармаған жерім жоқ, медицинамен қоса халық емшілерін іздедім. Нәтижесінде осы Динара апайды жолықтырып, жазып берген ем шараларын қабылдадым. Қазір жағдайым жаман емес. Алдымен Жаратушыға шүкірлік айтамын. Динара Орынтайқызына да алғысым шексіз, — дейді Тараз қаласының тұрғыны Ермек есімді азамат.
Ал елімізде тіркелген коронавирус дертімен Динараның өзі де ауырған. Екі апта бойы әлсіреп, жөтел қысып, қатты науқастаныпты.
— Бұл дертпен өзім де ауырдым. Бірақ әлсіреп тұрсам да қимыл-қозғалысымды азайтпадым. Аузым мен мұрынымды үнемі тұзды сумен шайдым. Ол барлық ауруға ем. Күнделікті тұтынатын тамақты, көкөністерді, қызанақты ащылау яғни тұздылау етіп тұтындым. Суды көп пайдаландым, нәтижесінде ауруды жеңіп шықтым,-дейді.
Бүгінде Динара Орынтайқызы қадерлі ісікке шалдыққан, ауыр дерт түрлерін емдеуге үлес қосып жүр. Қашықтықтан дем салып, диагноз қойып та береді. Алайда бал, құмалақ ашпайды. Аты аңызға айналған көріпкел, аузы дуалы Оқшы бабаның ұрпағы індеттен айығу үшін вакцина әзірлеу қажеттігін де алға тартты:
— Осыған дейін әлемді жайлап бара жатқан мына дерттен айығудың бір жолы –Құран кітапты көкке көтеру деген болатынмын. Сонымен қатар, ғалымдарымыз вакцина әзірлегенде құрамына тұзды пайдалануы керек. Нәтижесінде өлім азаяды. Көптеген адамдарды құтқарып қалуға болады, — дейді Динара Орынтаева.
Халық емшісінің алдына науқасы меңдеп келіп сауығып кеткендердің бірі Тараз қаласының тұрғыны. Ол әпкесінің басынан өткен оқиғаны былай баяндады:
— Әпкем тұмау болдым деп жөтеліп, үш күндей үйде жатып қалды. Дәрі дәрмектің, шөп тұнбаларының түр түрін қолданғанымен дертіне шипа таппады. Арада бірнеше күн өткенде өкпесі құрысып, дем алуы нашарлады. Динара Орынтайқызына қоңырау шалып, әпкемді қарауына әкелдім. Ол кісі тұзды нәрселерден қайтатынын айтып емшарасын жазып берді. Үш күнде жағдайы тұрақталып, бесінші күні өзін өте жақсы сезінді. Жөтелі де сап тиылды. Ол кісіге айтар алғысым шексіз, — дейді А есімді келіншек.
Бүгінде Динара Отынтайқызы Тараз қаласының тұрғыны. Түрлі науқастарды қарап, қатерлі ісікке шалдыққандарды емдеуде.
Емшінің байланыс нөмері: 8 775 695 93 15
8 771 856 93 15