Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді

Мешытте руксат етілді

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) ұжымдық намаз оқуға рұқсат берді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Oinet.kz.

2 қарашадан бастап жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге рұқсат берілді.  Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы керек. Әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау маңызды.

Сонымен қатар, биылғы 2 қарашадан бастап толымдығы 30%-ға дейін, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен) рұқсат етіледі.

Бұған дейін екінші тоқсаннан бастап қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру тапсырылғаны хабарланды.

Қатысты жаңалықтар

Назарбаевтың экс-күйеу баласының неден қайтыс болғаны анықталды

azatmedia

АКИМ ГОРОДА ПОСЕТИЛ СТРОИТЕЛЬНУЮ ПЛОЩАДКУ 9-ЭТАЖНОГО ДОМА В АДМИНИСТРАТИВНО-ДЕЛОВОМ ЦЕНТРЕ

azatmedia

Атыраулық аспаз жұмыртқаны асфальтте қуырудың тың тәсілін көрсетті (видео)

azatmedia

Пікір қалдыру