Ақпарат

ВИЦЕ-МИНИСТР МЫРЗАШӨЛДІК ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аграрлы өлкенің ең өзекті мәселесі – ағын су. Соңғы жылдары ауданымыздағы егістік алқаптарға «Достық» магистральды каналы арқылы келетін ағын су мөлшерінің тапшылығы орын алуда.

Осыған орай Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров Жетісай және Мақтаарал аудандарында ағын су ресурстарын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау, аймақтың биылғы жылғы вегетациялық кезеңдерге дайындығын білу, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласының басқа да мәселелеріне назар аудару мақсатында Жетісай ауданына арнайы іс сапармен келіп, қос ауданның шаруаларымен кездесті. К-21, К-28, К-30 «Достық» магистральді каналының жағдайымен танысып, аграрлы аймақ үшін ең өзекті саналған ағын су тапшылығының алдын алу мәселелеріне тоқталды.

Ашық ауа астында өткен жүздесуде соңғы жылдарда аудандардағы өзекті мәселеге айналған ағын су мөлшерінің тапшылығы жайлы сөз көтерді. Негізгі табыс көзін ауыл шаруашылығы құрайтын аймақ шаруаларының жан айқайын жеткізген азаматтар аудандағы ағын су тарату каналдарының тозығы жетуі салдарынан ағын су мөлшерінің көп бөлігі жерге сіңіп, буланып немесе жер асты суларының тартылып кетуі секілді себептермен егістік алқабына дейін дұрыс жетпеуін сөз етті. Сондай-ақ, К-21, К-28, К-30 «Достық» магистральді каналының тармақтары күрделі жөндеуді талап ететінін жеткізді.

Нұрлан Жанұзақұлы ағын су арналары кезең-кезеңімен жөндеуден өтетінін айтып, дихандарды су үнемдеу технологиясын меңгеруге шақырды. Су үнемдеу технологиясына көшкен шаруашылықтарға субсидия төленетінін, алдағы уақытта қос ауданға қажетті 100 ағын су насостарын алып беру жоспарының бар екенін айтты. Шаруалар көкейдегі сұрақтарын ортаға салып, ағын су мәселесіне қатысты өзгерістер туралы ақпарат алды.

Кездесу соңында вице-министр мырзашөлдік шаруалар тарапынан айтылған өтініштер мен көтерілген мәселелердің ешбірі аяқсыз қалмай, өзектілігіне қарай ретімен шешімін табуға ықпал жасайтындарын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Ақын жігіт президент алдында елдегі «былықтарды» өлеңмен жайып салды (видео)

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ УАҚЫТША ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

azatmedia

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСЫП, ҚАРЫЗЫ ТҮГЕЛ ЖАБЫЛДЫ

azatmedia