Ақпарат

ҰБТ-да мұғалім талапкерге тест сұрақтарына көмектескен (видео)

ҰБТ

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында ҰБТ кезінде талапкерге тест сұрақтарына көмектескен кезекші мұғалімнің видеосын жариялады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz тілшісі.

Дидар Смағұлов айтуынша ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тестіленушінің нәтижелері жойылды, олардың 97-сі грант иегері атанған болатын, соның ішінде 138 балл алған түлек те бары анықталған.

Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің өзі қылмыстық әрекетке байланысы бар екені туралы фактілер анықталды. Қараңыздаршы, қандай «батырлықпен» сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұрғанын, -дейді Дидар Смағұлов.

Осы әрекетке байланысты кезекшінің білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, сондай-ақ қатал жауапкершілікке тартылуын талап ететінін жеткізді.

Соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркелетін болады.

Толығырақ ҰТО парақшасында жариялайтын болады.

Конституция күніне сәйкес келіп, мереке күні 97 балаға арналған жақсы жаңалық!ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тестіленушінің нәтижелері жойылды, олардың 97-сі грант иегері атанған болатын (соның ішінде 138 балл алған түлек те бар). Соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркелетін болады. Толығырақ ҰТО парақшасында жариялайтын боламыз.Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің өзі қылмыстық әрекетке байланысы бар екені туралы фактілер анықталды.Қараңыздаршы, қандай "батырлықпен" сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұрғанын.Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз.Алға, әділ Қазақстан!????????????????????????????????Хорошая новость для 97 ребят очень кстати ко Дню Конституции! По итогам просмотра видео ЕНТ Аннулированы результаты 158 тестируемых, 97 из которых получили грант (максимальный балл 138).97 ребят, честно сдавших ЕНТ, но не поступивших на грант, будут зачислены в течение 2 недель. Более подробно опубликуем на страничке НЦТ. К сожалению, есть факт, когда дежурная, которая была призвана обеспечить контроль, сама была вовлечена в преступную схему. Посмотрите, как "героически" она закрывает своим телом парня, фотографирующего книжку-вопросник. Как минимум будем требовать её увольнения из системы образования, как максимум привлечения к более суровой ответственности.Вперёд, справедливый Казахстан! ??????

Опубликовано Дидаром Смагуловым Воскресенье, 30 августа 2020 г.

Қатысты жаңалықтар

ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

ЖОЛ КАРТАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

azatmedia

Шымкентте 100-ден аса бала вирустық инфекциядан жазылып шықты

azatmedia

Пікір қалдыру