Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы бірқатар мәселелер көтерілді.
Қабылдауға жазылған азаматтардың басым бөлігі – жұмыссыздық, тұрғын үй және жер теліміне қатысты сұрақтармен жүгінді. Атап айтқанда, ауыл тұрғыны жаңадан бой көтеріп жатқан базар аумағынан кәсіпкерлікпен айналысуға арнайы орын беруді сұрады. Бұл мәселе бойынша тиісті бөлімге нақты тапсырмалар жүктеліп, заң шеңберінде қарастыру жұмыстары басталды.
Сондай-ақ, екі азамат тұрақты жұмысқа орналасуға көмек көрсету жөнінде өтініш білдірді. Бұл өтініштер аудандық мансап орталығының қатысуымен қарастырылып, жұмысқа орналастыру бойынша бағыт-бағдар берілді.
Тағы бір тұрғын тұрғын үй салу үшін жер телімін сұрады. Аталған мәселе бойынша ауданның жер қатынастары бөліміне тиісті ұсыныстар беру тапсырылды. Сонымен бірге, тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдем сұраған азаматқа да заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік көмек көрсету тетіктері түсіндірілді.
Жеке қабылдау нәтижесінде әрбір көтерілген мәселе бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.