Ақпарат

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ТИІМДІ

Бүгін Түркістан облысындағы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дулатбек Абіш, облыстық мәслихатқа «Ақжол» партиясынан сайланған депутат Сұлтан Көшенов, «RESPUBLIKA» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орнбасары Бейбіт Биназаров және энергетика саласының мамандары бастаған АЭС салу жөніндегі халықтық штаб өкілдері Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» ЖШС-і, «Батсу» ЖШС-і және Бадам ауылындағы «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ ұжымымен кездесті.Басқосуда атом электр станциясы мәселесі кеңінен талқыланып, еліміздің энергетикалық болашағы туралы маңызды пікірлер ортаға салынды. Кездесуде жұмысшы топтың өкілдері дамыған елдердің барлығы электр энергиясын өндіруде атом электр станцияларының рөлін баса айтты. Ол қазіргі замандағы озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамыту әлемдік тәжірибеде кеңінен таралғанын жеткізді. Егер біз де дамыған елдер қатарына қосылғымыз келсе, атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз керек екендігіне баса назар аударды. Штаб өкілдерінің айтуынша, атом электр станциясы экологиялық жағынан да, экономикалық тұрғыдан да тиімді әрі ұзақ мерзімді шешім болып табылады.Алтынсары Үмбетәлиев атом энергетикасы – экономикалық жоба екеніне тоқталды. Елімізде энергия жетіспеушілігі жылдан-жылға өзекті болып келе жатқанын, Қазақстанда электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 20 пайызы газдан, 2 пайызы күн, жел мен судан өндірілетінін тілге тиек етті.–Біздегі энергетикалық инфрақұрылым күн санап ескіріп барады. Станциялардың 65 пайызы тозған. Әсіресе, энергия тапшылығы біздің оңтүстік аймақтарда анық байқалып отыр. Бұл тұрғындар қажеттілігімен қатар кәсіпкерлікті дамытуға да үлкен кедергі болады. Энергетика саласының мамандары мен ғалымдар атом энергетикасын дамыту – осы күрделі ахуалдан шығудың жалғыз жолы екенін айтып жатыр. Ең негізгі мәселе – қауіпсіздік. Халықты алаңдатып отырған басты мәселе де осы. Қазіргі уақытта әлемде жұмыс істеп тұрған 415 ядролық реактордың барлығы дамыған елдерде орналасқан. Егер АЭС адамзатқа қауіпті болса, өркениетті елдер бұдан бас тартар еді. Одан бөлек, қазір әлемде 60-қа тарта АЭС салынуда. Көршілес Өзбекстан да АЭС салудың қамына кіріскен. Қазақстан уран өндіру бойынша әлемде көш бастап тұр, ал уран қоры бойынша екінші орында. Дамыған мемлекеттердің өзі АЭС-ке қажетті шикізатты бізден алып отыр. Ядролық отын өндіретін зауыт та өзімізде бар. Осыншама ресурсты, зор әлеуетті елдің игілігіне, экономикалық тәуелсіздігімізді нығайтуға жұмсамасақ, оның пайдасын қашан көреміз? АЭС құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды да дамытуға серпін береді. Жаңа жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер салынады, – деп атап өтті Алтынсары Дүйсенбекұлы.Сонымен қатар, штаб құрамындағы «Ақжол», «RESPUBLIKA» партиясының өкілдері, энергетика саласының мамандары АЭС-тің артықшылықтары жайында сөз қозғап, референдумдағы әрбір таңдау ел болашағы үшін маңызды екендігін жеткізді. Өз кезегінде мәдениет саласы қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, өндіріс орнының жұмысшылары сауалдарына жауап алып, пікірлерін ортаға салды.Түркістан облысындағы АЭС салу мәселесі жөніндегі халықтық штаб өкілдері Алтынсары Дүйсенбекұлы, Әлиасқар Бердімұрат және энергетика саласының ардагері Шадымат Баймұса Бадам ауылының байырғы тұрғыны, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері, пайым-парасаты биік азамат Ералы Бердімұратұлы Санаевтың шаңырағына арнайы барды. Штаб өкілдері елге сыйлы азаматпен емен-жарқын сұхбат құрып, атом энергетикасының елге пайдалы тұстары жөнінде пікір алмасты.Ақсақалмен әңгімелесу еліміздің энергетикалық инфрақұрылымы ескіріп, станциялардың 70 пайызы тозып тұрғанына, энергия тапшылығының әсіресе оңтүстік өңірлерде анық сезілетінін және Түркістан облысының тұрғындары осыған байланысты бірқатар проблемаға тап болып отырғаны туралы сөз қозғалды. АЭС-тың тұрақты электр энергиясы мұндай мәселелерді шешіп қана қоймай, барлық ауылды жылдамдығы жоғары интернетпен және үздіксіз мобильді байланыспен қамтуға мүмкіндік беретіні туралы да өзара пікір алмасылды.«Біз көрші мемлекеттердің энергия жүйесіндегі жұмыстың сапасына ішінара тәуелдіміз. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көзі қажет. Сондықтан АЭС салу мәселесі еліміз үшін өзекті болып отыр. АЭС тек дамыған елдерде ғана бар. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бізде осыған қарай ұмтылуымыз керек. Бұл – болашақтың жобасы. Біздің балаларымыз келешекте жарық, жарқын өмір сүруі қажет. Тек бірге ғана елдің болашағын жасай аламыз. Сондықтан, алдағы референдумға атсалысайық», – деді облыстық штаб басшысы Алтынсары Дүйсенбекұлы.Өз кезегінде ел ағасы атом электр станциясының болашағына қатысты өз ойларын білдіріп, Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындығын жеткізді. 

Қатысты жаңалықтар

Рақымов ауылының еріктілері жарап тұр

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «КІМ БІЛГІР?» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

azatmedia

ТАТУЛАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia