Ақпарат

Кезекте тұрған келестіктерге жер телімі беріледі

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінде кезекте тұрған 400-ге жуық азаматқа елді мекен аймағындағы 15 гектар жерден учаскелік жер телімдерін беру көзделіп отыр деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халық игілігі үшін келесі жылдан бастап инфрақұрылым өткізу жұмыстары атқарылмақ. Қазірдің өзінде аталған ауылдық округте 600 метр жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Келес ауданының әкімі Ақментай Үсенұлы ауданға қарасты бірқатар ауыл-аймақтарды аралап, ондағы жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Бүгінде Бірлік, Жүзімдік және Қошқар ата ауылдық округтерінде тозығы жеткен жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар, яғни балабақша, мектеп, емхана орналасқан көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп шештік. Одан кейін су, газ сынды инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп біткен көшелер жоспарға енеді. Осылайша бұл мәселені біртіндеп шешіп, халықтың жағдайын жақсартатын боламыз», – дейді аудан әкімі.


Сондай-ақ, Келес ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Жаңатіршілік елді мекеніндегі су арнасында көпірдің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 8 метр қашықтықта орналасқан жол көпірін қараша айында пайдалануға беру жоспарлануда. Ауданда республикалық маңызы бар А-15 трассасына айналма жолды байланыстыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Оған қоса аудан орталығына кіріп шығатын жанама жол салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарының сапасы облыс басшылығының қатаң бақылауында.

Қатысты жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНЕ 10 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

azatmedia

Еңбек адамы – Өтеген Мұса Құрбанәліұлы

azatmedia

Пікір қалдыру