Ақпарат

Еңбек адамы көпке үлгі

Әділхан Мәлік — суреттері арқылы өзіндік стиль мен дәстүрлер сабақтастығын қалыптастырған жан. Суретші мақсаты — туған жердің тасын түрлендіре суреттеу, тарихын мақтан тұту. Оның Отырарда туған Фарабилер шоғырынан бастап, Отырар қорғанысы, Отырар кітапханасы, Отырардың тыныс-тіршілігі сынды тақырыптық және еркін форматта салынған картиналары арының таза, жанының мөлдірлігін, рухының асқақтығын көрсетеді.

Киелі Отырар өңірінен шыққан белгілі қылқалам шебері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Көркем Академиясының «Ұлы Елдің Тарандысы» төсбелгісін алған, Халықаралық «Turan» сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Turan» суретшілер консолидациясының мүшесі, Отырар ауданының Құрметті азаматы Әділхан Мәліктің есімі Отырар ауданына ғана емес, бүкіл қазақ еліне белгілі суретші. Ол Отырар ауданы, Мәдениет сарайында “Ақ зер” көркемсурет үйірмесінің жетекшісі. Бұл үйірме Мәдениет министрлігі тарапынан “Үлгілі” атағын алған. Отырар ауданынан құрылған «Отырар» халық театрының декоратор суретшісі ретінде 36-драма қойылымдарының суретшісі. Жазған картиналарының 20 данасы мысырдың Каир қаласы университеттеріне және Дамаск қаласындағы Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған музейге табысталған. Халықаралық, Республикалық, облыстық көрмелер мен байқау және симпозиумдарға қатысып, үнемі үздік атанып отырған.

Қатысты жаңалықтар

ЕҢБЕККЕР БЕЙНЕСІНДЕ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР РҮСТЕМБЕК ТӘЖІБЕКОВ

azatmedia

ШҚО-да 47 жастағы әйелді пойыз басып кетті

azatmedia

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» – СОЗАҚ АУДАНЫНДА

azatmedia