Ақпарат

«ОҢТҮСТІК ЖОЛДАРЫ» КӘСІПОРНЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы мен Еңбек күні мерексіне орай «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Али Мамедов және «Еңбек» депутаттық тобының мүшесі облыстық маслихаттың депутаты Ғабиден Қапалбаев Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Оңтүстік жолдары» ШЖҚ МКК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуде кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз алып, «Біздің кәсіподақтардың басты мұраты, негізгі мақсат-мүддесі бұл – еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтау, жалпы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір ретінде өз функциясын орындау болып табылады. Осы ретте мұндай кездесулер еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға, еңбеккерлердің әлеуметік-экономикалық, құқықтық мүдделерін қорғауда, еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді» – деді. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбекті қорғау, жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін көтеріп, жұмыс берушілерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларына жете мән бере отырып, алдағы уақытта жазатайым оқиғаларға жол бермеуге көңіл бөлуін күшейтуге шақырды. Бұдан басқа кәсіподақ төрағасы қатысушылармен елімізде АЭС салудың маңыздылығына, оның экологияға әсері мен қауіпсіздік мәселеріне кеңінен тоқталып, «АЭС салу арқылы біз энергетикалық сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік мәселерді оңтайлы шешуге мүмкіндік аламыз. Ертеңгі жарқын болашағымызды қамтамасыз ету мақсатында, елімізге тұрақты және қауіпсіз энергия көзі қажет. Бұл ретте дәл осы атом электр стансасы ұзақ жылдар бойы энергиямен қамтамасыз ететін әлеуетке ие болады. Сондықтан баршаларыңызды белсенділік танытып, алдағы 6 қазанда өтетін референдумда өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын», – деді Бердіғали Өмірәлі. Сөз соңында барша қатысушыларды алдағы келе жатқан Еңбек күні және Кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтап, қатысушыларға өз алғысын білдірді. Өз кезегінде кәсіподақ мүшелері талқыланған мәселелер бойынша өз ойларын білдіріп, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды. Жиын соңы еңбеккерлерді марапаттаумен аяқталды.

Қатысты жаңалықтар

Таңғаларлық оқиға: Екі айлық нәресте ата-анасына амандасты (видео)

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

ДАЛА МЕРЕКЕСІ: ҚАЗЫҒҰРТТА «ҚЫЗҒАЛДАҚ FEST» ӨТКІЗІЛДІ

azatmedia