Соңғы жаңалықтар

«Біреудің заказын орындап жүрсің айуан» – Айгүл Орынбекке қоқан-лоқы жасалғаны рас па?

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің фейсбук парақшасында әлдебіреулердің өзіне қоқан-лоқы көрсеткенін жазды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

27 қазан күні Айгүл Орынбек Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловты қызметтік этиканы бұзды деп жазба қалдырған болатын. Қоғам белсендісінің айтуынша, осы жазбадан кейін оған қоңыраулар келе бастаған.

«Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың атынан маған угроза жасап, жігіттер шығып жатыр! Ескерту жасап жатқан өзіміздің қазақтың жігіттері!
“Сен неге Почиваловты жазасың?”. “Сен біреудің заказын орындап жүрсің айуан”- деп “қазақтың батырлары” сес көрсетті! Біздің Оңтүстікте шенеуніктерге сын айтсаң, дереу осылай қорқыту үркіту, ескерту басталады! Почивалов Мемлекеттік қызметкердің этикасын бұзғаны әлеуметтік желіде 20 -ші қазан күні тараған еді. Ал мен мемлекеттік қызметкерлердің этика бұзғаны жайлы бірінші рет жазып жүргенім жоқ! Үнемі көтеріп, жазып жүремін! Бір қызығы, “сенің Почаваловты жазуға құқығың жоқ!” дейді Тимур деген жігіт!» – деп жазды ол.

Бұдан бөлек, қоғам белсендісі өз өмірінің қауіпсіздігіне алаңдайтынын және қоңыраудың аудиожазбасы бар екенін, дәлел ретінде ұсына алатынын да жазды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ХӘКІМ АБАЙ ҺӘМ ИХСАН ІЛІМІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

Хиджаптағы қыз шашынан сүйреген оқушының анасы жанайқайын айтты

azatmedia

Шымкент: 2021 жылы қала шетіндегі ықшамаудандардың жолдарын жөндеуге басымдық беріледі

azatmedia

Пікір қалдыру