Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: АҚЫЛДЫ ҚЫЗ – АУЫЛ КӨРКІ

Ордабасы ауданында Жастар орталығы мен «Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің ұйымдастыруымен «Көктем аруы-2021» байқауы өтті. Көктемнің жайма шуақ күніндей құлпырып, қос бұрымына шолпы тағынып, сәукелесін үкілеген ару қыздар өнерлерін ортаға салып, өз ара бақ сынасты. Ұлттық таным мен салт – дәстүрді дәріптейтін бұл байқауда қыздарымыздың биязылығы мен тәлім – тәрбиесі сынға түсті. Арулар өз өнерлерін ортаға салып, поэмадан үзінді оқып, мың бұрала биледі, ою ойып, кесте тігуден жарысты. Ордабасы аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Айымхан Рахиева арулар арасында өткен сайысты қорытындылай келе, қатысушылардың ерекшеліктеріне тоқталды. Қыз болмысының қасиеті туралы толғанып, жеңімпаздарды құттықтады. Қазылар алқасының ұйғарымымен, бас жүлде Бейсенәлі Мерей, I-орын Байларбекова Балжан, II-орын Хасен Аружан және III-орын Әбдірахман Жұлдыз аруыларымызға бұйырды. Жеңімпаздар аудан әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Қатысты жаңалықтар

РУКОВОДИТЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ КОНТРОЛЯ И КАЧЕСТВА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ПОДВЕЛ ИТОГИ ПЯТИ МЕСЯЦЕВ

azatmedia

СОСТОЯЛАСЬ ОЧЕРЕДНАЯ 6-Я СЕССИЯ МАСЛИХАТА ГОРОДА ШЫМКЕНТ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯ ШИЕЛЕНІСКЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ

azatmedia