Соңғы жаңалықтар

«ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?»

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы аясында Ордабасы аудандық орталық кітапханада көркемсөз оқу шеберлерінің «Поэзия, менімен егіз бе едің?» аудандық байқауы өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жыр жұлдызы Мұқағали Мақатаев әдебиеттің барлық жанрына қалам тартқан дарын иесі.Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, ақиық ақынның шығармашылық мұрасы арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жастарды ынталандырып, әдеби шеберлікке баулу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 12-16 жас аралығындағы 28 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Сәрсенбай Нұрайым – І орынды, Бада Шұғыла, Әлайдар Мерей – ІІ орынды, Мәді Феруза, Амирханова Динара, Егізбай Адас ІІІ орынды иеленсе, «Елім деп соққан жүрегі» номинациясымен – Тойлыбек Інжу, «Ақиық ақын Мұқағали» номинациясымен – Пілман Бекболат, «Шешен сөздің шебері» номинациясымен – Төре Жания, «Тәуелсіздік ұланы» номинациясымен – Сейлхан Сабина, «Дариға, домбырамды берші маған» номинациясымен Құлымбет Бақнұр марапатталды.

Қатысты жаңалықтар

Елордадағы АҚШ елшілігінде ЛГБТ туы желбіреп тұр

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 103 ҚЫЗМЕТІ QR – КОД ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

Депутат халық кредитін кешіруді ұсынды

azatmedia