Соңғы жаңалықтар

21 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін 77 мыңға сатқалы жатқан жерінен ұсталды

Vfksirf

Наманган облысы Чартак ауданында 21 жастағы келіншекке қарсы алты айлық сәбиін 1,9 млн сумға (180 АҚШ доллары) сатпақ болды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Neonomad.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан ІІМ мәліметінше, 23 қазанда арнайы операция кезінде 51 жастағы Чартак тұрғынына сәбиін 1,9 миллион сумға сатып жатқан жерінен 21 жастағы келіншек ұсталған. Бойжеткен тұрмыста болмаған.

Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Адам саудасы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Биыл Өзбекстанда осындай бірнеше жағдай орын алды. 9 қарашада Сырдария облысында И.С. есімді келіншек дүниеге келген сәбиін 20 мың долларға сатпақ болған.

15 қазанда 28 жастағы Пулат Чориев екі жасар ұлын 5000 долларға сатып жатқан жерінен ұсталды. 1 қыркүйекте Ферғанада 24 жастағы келіншек бір жастағы ұлын 1500 долларға сатпақ болған. Шілде айының соңында Ташкентте үш айлық ұлын 5000 долларға сатпақ болған 21 жастағы келіншек ұсталған.

Қатысты жаңалықтар

«Би ырғағында» аудандық байқауына қатысыңыз!

azatmedia

Адалдық құндылығына негізделген жиын өтті

azatmedia

Бөксесін үлкейтпек болған ару қайтыс болды

azatmedia

Пікір қалдыру