Соңғы жаңалықтар

2020 жылдың басты сөзі жарияланды. Және бұл сөз «коронавирус» емес.

2020 жылдың ағылшын тіліндегі басты сөзі анықталды. Беделді Collins сөздігінің сарапшылары жылдың ең басты сөзі «локдаун» екенін алға тартып отыр.  Ағылшын тілінде хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдары мен интернетте 2019 жылы төрт мың рет кездескен бұл термин, Covid-19 пандемиясына байланысты биыл екі жүз елу мың рет қолданылған.

Сөздіктің ресми сайтында: «Лексикографтарымыз «локдаунды» жыл сөзі ретінде таңдады, себебі бұл сөз әлемдегі миллиардтаған адамды біріктірген тәжірибені көрсетеді», – делінген.

«Тіл – айналамыздағы дүниенің айнасы, ал 2020 жылы әлемде ғаламдық пандемия тақырыбы басым болды, – деп түсіндіреді редакцияның кеңесшісі Эллен Ньюстед. – Локдаун біздің қалай өмір сүріп, жұмыс істейтінімізді, оқып, сауда жасайтынымызды және бір-бірімізбен қарым-қатынасымызды өзгертті. Көптеген ел дәл қазір екінші локдаун жағдайына еніп жатыр, бұл сөз жылдың басты қорытындысын айқындайды, алайда бұл ешкімді қуантатын жайт емес».

«Локдаун» сөзінің түсіндірмесіне (қозғалысты, әлеуметтік қарым-қатынас пен қоғамдық орындарға баруды қатаң түрде шектеу) Collins сөздігі мынадай жаңа сөйлем қосты: «COVID-19 таралуын азайту үшін үкіметтер енгізген шектеу шаралары».

Коллинз түсіндірме сөздігі (Collins English Dictionary) 1979 жылдан бастап Глазгодағы HarperCollins баспасынан шығады. Сол кезден бері түзетілген және толықтырылған 13 сөздік басылған, оның соңғысы 2018 жылы шыққан. 2011 жылдан бастап бұл сөздікті интернеттен қарауға болады.

Әр жылы редакция сарапшылары компьютер көмегімен 4,5 миллиард сөзді талдап, жалпыға жақсы таныс болған «жыл сөзін» анықтайды. Ол қандай да бір жаңа сөз немесе мағынасының өзектілігіне қатысты кенеттен қолданыс аясы кеңейген сөз болуы тиіс. 

Collins Dictionary жариялаған 2020 жылдың  ең көп қолданылған 10 ағылшынша сөздің шорт-листінде «локдауннан» басқа тағы бес сөз Covid-19 пандемиясына қатысты болып шықты: coronavirus («коронавирус»), furlough («мәжбүрлі ақысы төленбейтін еңбек демалысы»), key worker («өмірлік маңызы бар мамандық бойынша жұмыс істейтін қызметкер»), self-isolate (өзін-өзі оқшаулау) және social distancing (әлеуметтік арақашықтық»).

Қалған төрт сөз: Megxit («мексит» немесе  «брексит» – Гарри ханзада мен оның жұбайы Меганның корольдік міндеттерінен бас тартуы), mukbang (Оңтүстік Кореяда туындап және бүкіл әлемге тараған көп мөлшердегі тамақты бірден жейтін адамның видеосы осылай аталады), TikToker («тиктокер» – TikTok желісінің фанаты) және Black Lives Matter («Қара нәсілділердің өмірі маңызды» қоғамдық қозғалысы).

2019 жылы Collins жыл сөзі ретінде climate strike сөзін жариялаған болатын. Бұл сөзді баспа ең алғаш рет 2015 жылғы климаттың өзгеруі жөнінде конференция өтіп жатқан Париждегі наразылық акцияларынан кейін тіркеді. Алайда былтыр жас экобелсенді Грета Тунбергтің швед парламентінің алдында өткізген апта сайынғы акцияларының арқасында бұл сөздің қоданыс аясы кеңейді.

Бұдан бөлек Collins жыл сөзі ретінде 2018 жылы single-use («бір рет қолданылатын»), 2017 жылы fake news («фейк жаңалықтар»), 2016 жылы Brexit («брексит») таңдады.

Ал Ресейде Пушкин атындағы орыс тілі институты 2020 жылы басқа сөздерге қарағанда «өрт» және «протест (наразылық)» сөзінің қолданылу аясы кеңейді деп есептейді. 

Collins English Dictionary – жыл сөзін таңдайтын жалғыз ұйым емес. Ағылшын тілділер арасында дәл осындай ондаған  сөздік бар. Олардың ішінде ең танымалдары – британдық Oxford Dictionary, америкалық American Dialect Society. Бірақ олар 2020 жылдың басты сөзін әлі жариялаған жоқ.

Oxford Dictionary фавориті болған сөздер: climate emergency (2019, «климаттық төтенше жағдай»), (2018, «токсинді», психологияда қолданылады), youthquake (2017, «жастардың ықпалынан болатын қоғам мен мәдениеттегі үлкен өзгерістер») және post-truth (2016, «постшындық»).

American Dialect Society жыл сөзі ретінде мына сөздерді атады: they (2019, «они»), tender age shelters (2018, «АҚШ үкіметінің заңсыз жүрген иммигранттардың балаларын орналастырған жерлер»),  fake news және dumpster («апаттық жағдай»).

Қатысты жаңалықтар

Акция: Ұшақ билеттерін 2999 теңгеге сатып алуға болады

azatmedia

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 250-ДЕН АСТАМ НЫСАН СӘЙКЕСТЕНДІРІЛЕДІ

azatmedia

Балуан көтерген тас Баянауылдағы саябаққа орнатылды

azatmedia

Пікір қалдыру