Соңғы жаңалықтар

ШАЛҒАЙ АУДАНДАРДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қала әкімі Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәлім етті.

Шалғай аудандардағы инфрақұрылым мәселесін шешу басты назарда тұрғанын жеткізді. Мәселен, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 магистралдық және 10 елді мекенге ауыз су құбыры, кәріз жүйелері бойынша 3 магистралдық және 16 ішкі орамдық нысандардың, табиғи газ бойынша №3 АГРС және 2 магистралдық, 11 елді мекенге газ құбырлары, электр бойынша 3 подстанция және 15 елді мекенге ішкі жүйелер құрылысы жүргізіліп жатыр.

Шілдеде Бозарық қосалқы станцияның құрылысы аяқталады. Нәтижесінде биыл жыл соңында ауыз сумен қамту деңгейі 98 пайызға, газбен 93 пайызға, сапалы электрмен 97 пайызға жететін болады.

«Мемлекет басшысы баспана мәселесін азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатымен тікелей байланысты екенін атап өткен болатын. Биыл өзімізге бір миллион шаршы метр тұрғын үй саламыз деп міндет алдық. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық» – дейді Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов.

Қазіргі таңда Шымкентте жеке салушылар есебінен 8639 пәтерлі 178 көпқабатты тұрғын үй, бюджет есебінен 5912 пәтерлі 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Құрылыс жұмыстары алғашқы 5 айда 28 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 115,3 пайызға өскен.

Қатысты жаңалықтар

«Мен оны қаламадым, Тоқаев солай шешті» – Елбасы тарихи оқиғаға қатысты пікір білдірді

azatmedia

«ТАЗА ҚАЛА» ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ СҮТТІ ІРІ ҚАРА КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

azatmedia