Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА СҮТ ӨНДІРУ БАҒЫТЫ ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ

Бүгінде Түркістан облысының таңғажайып табиғатымен ерекшеленетін Түлкібас ауданында барлық салалармен қатар мал шаруашылығы қарқынды дамып, бұл бағыттағы кәсіппен айналысатындар қатары артып келеді. Соның бірі «Майлыкент Агро» ЖШС-нің төрағасы Жабатаев Берік. 2018 жылы мемлекет тарапынан 106 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, Ресей елі мен көршілес Жамбыл облысынан 100 бас сүт бағытындағы «симментал» сиырын алып келген. Бүгінгі таңда ірі қара басын 150 жеткізіп, күніне орта есеппен 600-700 литр сүт алып отыр. Майлылығы 4,1 пайызды құрайтын сүтті аудандық «Майлыкент» сүт өңдеу цехына литрін 130 теңгеден өткізуде. Симментал сиыры – сүт, ет өндіру бағытында өсірілетін ірі кара мал тұқымы. Швейцарияда шығарылған. Дүние жүзінде бірден-бір кең тараған тұқым. Қазақстанға 19-ғасырдың аяғынан бастап әкеліне бастаған екен. Аталмыш серіктестік ірі қараға қажетті жем, шөптің барлығын өздері өндіреді. Биыл 48 гектар жерге жүгері егіп, одан 300 тонна, 50 гектар жерге бидай егіп, әр гектарынан 33 центнерден өнім алған. Бүгінгі таңда жүгеріден силос мал азығын дайындауда. Алдағы жылы серіктестік кәсібін кеңейту мақсатында ауқымды жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Яғни, жыл соңына дейін Венгрия елінен 200 бас сүт бағытындағы «Гольштин-фриз» тұқымдас ірі қараны елімізге алып келмекші. Сонымен қатар, Швеция елінен соңғы үлгідегі сиыр сауатын құрылғысын алу да биылғы жылдың жоспарында дейді, жауапкершілігі шектеулі серіктестік төрағасы Берік Жабатаев.Кәсіпкер 2018-2019 жылдары ауданға 170 млн.теңгеге инвестиция тартып отыр. 

Қатысты жаңалықтар

ПОЛУЧИТЬ ГАРАНТИРОВАННЫЕ СОЦПАКЕТЫ СТАЛО ПРОЩЕ

azatmedia

Депутат мемлекет қарызын қарапайым халықтың есебінен төлеуді ұсынды

azatmedia

«Мама, рөлге неге отырдың?!» – елорда маңында болған жол апатының видеосы тарап кетті

azatmedia

Пікір қалдыру