Соңғы жаңалықтар

Келестік шаруалар жылына екі өнім жинамақ

Келес ауданындағы шаруалар алғашқы өнімді жинап алған болатын, – деп хабарлайды AzatMedia.kz. Ендігі жерде, диқандар бір жерден екі, үш рет өнім алу жобасы аясында тұрақты жұмыс істеп келеді. Солардың бірі аталған аудандағы Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ескі қорған елді мекенінің тұрғыны, «Ергеш ата» шаруашылығының иесі Ахмет Ергешов. Ол өз меншігіндегі егістік алқабына бірінші өнім ретінде жыл басында қырыққабат егіп, бес жүз тоннаға жуық өнім алған.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда екінші өнім ретінде 1 гектар жерге картоп, 3 гектар жүгері егіп, бірнеше күннен кейін қызылша егуге кіріскелі отыр. Тиісінше, әр гектардан 30-35 тонна өнім аламын деп жоспарлап отыр.

«Егін маусымы басталғаннан аяқталғанға дейін онға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр, ал өнімді жинайтын кезде 100-ге жуық адамды уақытша жұмысқа тартамыз. Жалпы барлық шығыннан бөлек, жыл сайын 5-6 миллион теңге табыс табуға болады» – дейді Ергешов Ахмет.

Айта кетейік, қазіргі уақытта басты өнімін ауыл шаруашылығы құрайтын түркістан облысында бір жерден жылына 2-3 рет өнім алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БЕС АЙДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

azatmedia

БАЛАЛАРЫН ЦИРК ӨНЕРІНЕ БАУЛЫҒАН ЧЕМПИОН АНА

azatmedia

ТЫЛ АРДАГЕРІ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ

azatmedia

Пікір қалдыру