Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ

Бүгін жылдағы дәстүрлі 1-қазан Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара әлемде оның ішінде елімізде кең етек жайған пандемияға байланысты онлайн режиімде өтті. Аудан тұрғындары бұл шараны әлеуметтік желі арқылы тамашалап отырды. Онлайн өткен шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан басшысы Нұрлан Мархабатұлы,- «Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңесіңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбегіңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Өздеріңізге мәлім биыл еліміз Тәуелсіздіктің 29 жылдығына қадам басса, тарихы тереңде жатқан ауданымыздың да құрылғанына 92 жыл толып отыр. Еліміз 29 жылда талай-талай белестерді бағындырды. Еліміздің оның ішінде ауданымыздың дамуы мен көркеюуіне Сіздердің қосқан үлесіңіз ұшан теңіз»-деп, қазыналы қарттарымызды төл мерекелерімен құттықтап, елімізде етек жайған жаман індеттен барынша сақтануға шақырды. Сонымен қатар онлайн концерт барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбекте аудан тұрғындарына өз құттықтауын жеткізіп, ыстық лебізін білдірді.Онлайн өткен мерекелік шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен мың бұралған бишілері өз өнерлерін көпшілікке паш етіп, әлеуметтік желіде тамашалап отырған көрермендердің құрметіне бөленді.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан кедей елдерге 500 миллион доллар көмек көрсеткен

azatmedia

Ветеринарлар бірдейлендіру жұмыстарын жүзеге асыруда

azatmedia

ЖОҒАРЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖЕҢЕДІ

azatmedia

Пікір қалдыру