Соңғы жаңалықтар

Ринат Зайытов: «Nur Otan» партиясына баруға дайынмын»

Azatmedia.kz. Көптен көрінбей кеткен айтыскер ақын Ринат Зайытов бірнеше аптадан бері әлеуметтік желіде белсенді. Youtube арнасында бірнеше бағдарлама шығаратынын айтқан ол бүгінде алғашқы түсірілімдерін жариялап та үлгерді. Ақын Қамшы тілшісіне көрінбей кетуінің себебі, жаңа жобасы, «Nur Otan» партиясының қатарына қандай жағдайда кіруге әзір екені жөнінде айтып берді, – деп жазады turkystan.kz басылымы.  

Ринат Зайытов сұхбаттарға келіспей, көзден таса жүргеннің себебін бастап жатқан жаңа жобаға байланысты шаруаның қауырт болуымен түсіндірді.

«Жобаны әзірлеу аясында көп жұмыс істеу керек болды. Оның идеясы, дайындық кезеңі, түсірілімдер тағысын тағы дегендей. Жобаны іске асыру үшін кішігірім қаржы керек. Соны іздеу жолында жүрдік. Мұның бәрі еңбек, бәрі жұмыс. Сосын «айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады» дегендей көрінген жерге барып «мен бүйткелі жатырмын» деп айта бергенді құп көрмедім. Сұхбат бермей кетуім журналистердің Димаш жайлы қайта-қайта сұрайтынымен байланысты. Ол өткен, кеткен, жабық тақырып қой. Оны қайта-қайта қазбалағаннан не пайда?! Ол тақырып маған қазір қызық емес» –  дейді ол.

Айтыскердің айтуынша, youtube жобаларды қолға алып жатқандағы мақсат – қазаққа тәлім-тәрбие беретін, ой салатын дүниелер ұсыну. Бағдарламаларында ұлтараздықты тудыратын, ел ішіне іріткі салатын әңгімелерге жол берілмейді. Басқасының бәрін айтуға әзір. Сондай-ақ ақын соңғы сұхбаттарының бірінде «егер шақырса, NurOtan партиясына да баруға дайынмын» деген сөзіне түсінік берді.

«Егер елдің сөзін сөйлеуге мүмкіндік беретін жер болса, мен НұрОтан-ға баруға әзірмін. Маған өз ойымды айтатын жер болса, болды. Белгілі бір партия белгілі бір саясат ұстанады дегенге сенбеймін. Біздегі партиялардың бәрі тек бір бағыт ұстанады» – деп атап өтті ақын.

«Қазір халықты бір өсекпен жынды қылып жіберуге болатынын мен түсініп отырмын. Бірақ мен популизмді қуаламаймын. Мен ата-бабаларымыз тату-тәтті өмір сүргені секілді бізде де сол сияқты болса деймін. Қазір айналадағылар бір-бірімен қатты ырылдасып жатыр. Соларды татуластырмаса, арты жақсылыққа апармайды» – деп сөзін түйіндеді Ринат Зайытов.Барлық құқықтар сақталған.

Қатысты жаңалықтар

Сәләфизм құрдымға жетелейді

azatmedia

Ота жасатуға өз аяғымен келген жасөспірім он күннен бері өлім аузында жатыр

azatmedia

Study Paid for by Grain Industry Says White Bread Not so Bad

azatmedia

Пікір қалдыру