Соңғы жаңалықтар

99 пайыз халыққа кең жолақты интернет қолжетімді болады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында тұрғындарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Отырыс барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ.Есекеев, «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы Е.Адайбеков, сондай-ақ «Beeline Казахстан» бас атқарушы директоры Е. Настрадин атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады. Қазіргі кезде интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен 6 459 ауылдық елді мекеннің 4 751-і қамтамасыз етілген (ауыл халқының 97,8%-ы). Осы жылдың қорытындысы бойынша 5,2 мыңнан аса ауыл — еліміздегі ауыл халқының 99%-ы үшін кең жолақты интернет қолжетімді болады.  

«Интернетке кең жолақты қолжетімділікті дамыту мәселелері еліміздің дамуы үшін стратегиялық маңызға ие. Ауылдарды кең жолақты интернетке қосу жөніндегі биылғы жылға арналған барлық жоспарлар мерзімінде іске асырылады», — деді премьер-министр.

Қатысты жаңалықтар

Тиктокерлерді түлен түртті (видео)

azatmedia

«Өтірік ақталмаңдар!» – Алтынай Жорабаеваның жазбасы қызу талқылануда

azatmedia

ҮЗДІК МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН ҮЛГІЛІ МЕКЕМЕ

azatmedia

Пікір қалдыру