Соңғы жаңалықтар

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

«Ұстаз – ұлы есім». Өйткені кез-келген ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаздардың қолында. Сондықтан білімді де тәрбиелі, саналы ұрпақ өсуі ұстаздарға болашақ азаматтарын оқыту, өз Отанын сүйетін жас ұрпақ тәрбиелеу сияқты зор міндеттер жүктеліп отыр.Бүгін аудан әкімі білім беру саласында ҮЗДІК көрсеткіштерге қол жеткізген ұстаздар қауымын арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.Шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан әкімі Нұрлан Байғұт мұғалім мамандығының қай кезде де аса қажетті де маңызды екендігін жеткізді. Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев білім сапасының жоғарылығы, түптеп келгенде, ұлт пен мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуының кепілі екендігін үнемі айтып, осы салаға ұдайы көңіл бөліп келеді. Көп нәрсе мұғалімнің білімі мен тәжірибесіне байланысты. Білімді, рухани жағынан бай ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі зор. Әсіресе, қазіргідей жаңартылған білім мазмұны, озық технологиялар енгізіліп жатқан мезгілде оларға үлкен жауапкершілік жүктеледі.Жиын барысында сала ардагерлері, жаңашыл ұстаздар, жастар тәлімгерлері марапатталды. Атап айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісі және «Алғыс хатымен», «Жыл үздігі» номенациясымен және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар, салтанатты жиынға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің тарих және педогогика факультетінің деканы Оразбаев Құрманғали ағамыз бастаған бір топ ұстаздар қауымы арнай шақырылып, сый-құрметке бөленді.Шарада марапат иегерлері еңбектерін елеп, арнайы қабылдап сый-құрмет көрсеткен аудан басшысына алғыстарын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Қатысты жаңалықтар

ШАҒЫНАУДАНДАРДА 11 БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛДЫ

azatmedia

В V МОЛОДЕЖНЫХ СПОРТИВНЫХ ИГРАХ ШЫМКЕНТЦЫ ЗАНИМАЮТ ВТОРОЕ МЕСТО

azatmedia

Kaspi техникалық ақауға байланысты әрбір тұтынушыға айрықша сый жасайды

azatmedia

Пікір қалдыру