Соңғы жаңалықтар

Тозығы жеткен жолдар жөнделуде

Түркістан облысы, Қазғұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округіне қарасты ауылдардағы жол мәселесі алдағы уақытта толық шешіледі, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округіне қарасты төрт елді мекен бар. Олар – Тұрбат, Еңбек, Қызылдихан, Өндіріс ауылдары. Аталған елді мекендерде барлығы 34 көше болса, оның ішінде 8 көше күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен. Олар – Шубайдалиев, Бақыт, Е.Исақұлов, Ислам Қасимов, Пірәлі Бөрбекұлы, Еңбек, Көктөбе, Жұлдыз көшелері.

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша жылда 6 немесе 7 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл бастама болашақта да жалғасын таппақ. Біздегі болжам бойынша 2025 жылға дейін барлық көшелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өңірдегі тозығы жеткен жолдардың мәселесі толық шешіледі» – дейді Тұрбат ауылдық округінің нұсқаушы маманы Бақтияр Мыңбаев.

Биыл Өндіріс елді мекеніндегі Көктем көшесінің бойынан үлкен көпір салу жоспарлануда. Жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Алдағы уақытта аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба жүзеге асырылады. Аталған нысан толық аяқталса, аймақтағы ағайынның күн тәртібіндегі күрделі мәселелерінің бірі толық шешілмек.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КӨП ҚАБАТТЫ 262 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

azatmedia

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

azatmedia

2020 жылдың басты сөзі жарияланды. Және бұл сөз «коронавирус» емес.

azatmedia

Пікір қалдыру