Соңғы жаңалықтар

Ауылдарда ауыз су тапшылығы жоқ

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округінде енді ауыз су тапшылығы жоқ, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округіне қарасты төрт елді мекен бар. Олар – Тұрбат, Еңбек, Қызылдихан, Өндіріс ауылдары. Аталған елді мекендер толықтай ауыз сумен қамтылды деуге болады. Биыл осы бағытта бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Атап айтсақ:

Қазіргі уақытта Тұрбат елді мекенінде су құбырлары жүргізіліп жатыр. Оған аудандық бюджеттен 6,5 миллион теңге қаржы бөлінген. Құрылысты Қазығұрт ауданындағы «Таза су» мекемесі жүргізуде. Бұдан бөлек, Өндіріс ауылындағы М.Сабыров ауылына қосымша ретінде Көктөбе бұлақ көзінен ауыз су құбырларын тарту жоспарлануда.

«Қуанатын жағдай. Ауылымыздағы ауыз су мәселесі толық шешілген. Өзекті мәселе бар деп айта алмаймын. Бәрі тамаша. Көңіліміз тоқ. Ауылды жүз пайыз ауыз сумен қамтыған ауыл әкімдігіне рақмет», – дейді тұрғындар.

Алдағы уақытта өңірдегі ауыз су тапшылығы толықтай шешіледі. Осылайша Қазығұрт ауданындағы тағы бір ауылдық округ толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Аталған жұмысты Тұрбат ауылдық округінің әкімі Атымтаев Сәкен Раманқұлұлы қадағалап отыр.

Қатысты жаңалықтар

«Бір өліп-тірілгем» – Ләйлә Сұлтанқызының жазбасы желіде қызу талқылануда

azatmedia

Ratings of Illinois’ Prime Insurance Company Upgraded

azatmedia

АҚШ консулдығы «Борат 2» фильміне қатысты ресми жауап берді

azatmedia

Пікір қалдыру