Соңғы жаңалықтар

Акция: Ұшақ билеттерін 2999 теңгеге сатып алуға болады

Акция 17 қазанға дейін жалғасады. Билет бағасы 2999 теңгеден басталады, – деп жазады aikyn.kz сайты.

FlyArystan Airlines 40% жеңілдікпен билеттер сатылымы туралы жариялады. Акцияға барлық 26 бағыт бойынша 50 мың орын бөлінді, – деп хабарлады қазақстандық авиакомпанияның баспасөз қызметі.

«Мәселен, Атырау  аймақтық базасының жаңа бағыттарына да билеттердің бағасы 2999 теңгеден басталады», – делінген хабарламада.

Жеңілдік билеттерін 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап 2021 жылдың 1 наурызына дейін алуға болады. Оларды flyarystan.com сайтынан және мобильді қосымшадан сатып алуға болады. Бағасына 5 келіге дейінгі қол жүгі кіреді.

«Саяхатшылар билетті сатып алу кезінде де, одан кейін де, бірақ ұшудан екі сағаттан кешіктірмей қосымша багажды, орындықты және басқа да қосымша қызметтерді сатып ала алады», – деп түсіндірді авиакомпания.

Қатысты жаңалықтар

«IKOMEK109» ОРТАЛЫҒЫНА БІР ЖЫЛДА КЕЛІП ТҮСКЕН ШАҒЫМДАРДЫҢ 98 ПАЙЫЗЫНЫҢ ШЕШІМІ ТАБЫЛҒАН

azatmedia

Қажымұқан қандай болған?

azatmedia

Бейқамдық әкімшілік айыппұлға апарады

azatmedia

Пікір қалдыру