Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан билігі Садыр Жапаровтың қолына өтті

Azatmedia.kz. Кеше ғана Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалған Садыр Жапаров 15 қазанда кешкісін жақтастарының алдына шығып, «президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткенін» айтып, «барлық билік менің қолыма өтті» деді, – деп жазады zakon.kz сайты centralasian.org сілтеме жасап.

Билік экс-депутат Жапаровты 2013 жылы Құмтөр алтын кенішін мемлекет иелігіне алу талабымен Қарақол ауылында митинг ұйымдастырып, сол кездегі Ыстықкөл облысының әкімін кепілге алған деген айыппен 2017 жылы тамызда соттап, 11,5 жылға түрмеге қамаған еді. 6 қазанда елде парламент сайлауының нәтижесіне қарсы наразылық кезінде Жапаровтың жақтастары оны қамаудан босатып алды.

14 қазанда парламент Жапаровты премьер-министр етіп тағайындаған. Жапаров пен оның жақтастары Сороонбай Жээнбековтің президенттіктен кетуін талап еткен.

15 қазанда Жээнбеков президенттің ресми сайтында мәлімдеме жариялап, отставкаға кеткенін мәлімдеді. Осы күні кешкісін Жапаров Жээнбековтің отставкасын талап етіп тұрған жақтастарының алдына шығып тарауға шақырды.

«Барлығы орнына келді. Бұрынғы президент Сооронбай Жээнбеков арызын жазып беріп кетті. Спикер Канат Исаев оның міндетін атқару мүмкін емес екен деп, арызын жазып берді. Бүгін президенттің міндетін атқарушы жаңа премьер-министр деген қызмет маған өтті. Көп рақмет. Үйлеріңізге қайтсаңыздар болады» деді ол.

Қатысты жаңалықтар

Ассоциациялық топ мүшелерінің отырысы өткізілді

azatmedia

Дербісекте ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

azatmedia

ШЫМКЕНТ: МИКРОРАЙОН АКЖАЙЫК ОБЕСПЕЧИВАЕТСЯ КАЧЕСТВЕННЫМ ИНТЕРНЕТОМ

azatmedia

Пікір қалдыру