Соңғы жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азамат белгісіз дертке шалдықты

Коронавирусқа қарсы жаңа вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінде екпе салдырған адамдардың бірі белгісіз дертке шалдыққан, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы zakon.kz сайтына сілетеме жасап.

Бұл туралы Johnson & Johnson компаниясының вакцина жасаушылары мәлімдеді. Ол бойынша вакцина салдырған азамат белгісіз дертке шалдыққан.

«Зерттеуге қатысушының бірінің белгісіз дертке шалдығуына байланысты біз COVID-19 вакцинасына клиникалық зерттеулер жүргізу бойынша дозалауды уақытша тоқтаттық. Біздің нұсқаулығымызбен вакцина сынамасына қатысушының дертін Деректер қауіпсіздігін тәуелсіз бақылау кеңесі (DSMB) ENSEMBLE, сондай-ақ біздің дәрігерлер мен қауіпсіздік дәрігерлері тексеріп жатыр», – деп мәлімдеді компания.

Компания мұндай жағдайлардың кез келген вакцинаға жасалатын сынамаларда болатын қалыпты құбылыс екенін алға тартып отыр. Ғалымдар вакцинаны жан-жақты зерттеп, оның кері әсерін саралайды. Егер тиімділігі дәлелденсе, 2021 жылы сертификатталмақ.

Қатысты жаңалықтар

Қыздардың шетелге кетуінің себебі белгілі болды (видео)

azatmedia

Оралда ер адам 12 жастағы қызбен төсектес болған

azatmedia

Түлкібас: Састөбе кентінің ажары артып келеді

azatmedia

Пікір қалдыру