Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі эпидемиологиялық ахуал қандай?

Шымкент қаласы әкімдігі ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Позиловтың қатысуымен эпидемиологиялық ахуал бойынша баспасөз брифингі өтті, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, Шымкентте қазіргі уақытта Covid-19 жұқтырғандардың жалпы саны – 5207. Соңғы тәулікте 4 адам тіркелген. 5108 адам емделіп шықты. 71 адам аталған вирустан қайтыс болды.

Пневмония бойынша 1 тамыздан бері 878 адам тіркелген. Соңғы тәулікте 9 адам аталған дертке шалдықты.

Жедел респираторлы вирустық инфекция бойынша вакцинациялау 14 қыркүйекте басталған. Соңғы көрсеткіш бойынша, 126 314 адамға вакцина салынды. Биылға жалпы 128 мыңнан аса адамды вакцинациялау жоспарланған. 15 қазанда мерзімі аяқталады.

Қалада коронавирусқа шалдыққандардарды қабылдайтын 13 диагностикалық орталық ұйымдастырылған. Онда қазір 17 компьютерлік томография, 30 рентген (11 цифрлық, 19 аналогты) аппараты бар. 6 ПТР зертхана жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде екеуі жаңадан ашылды. Тәулігіне 2500-3500 дейін тест қабылдай алады. 282 өкпені жасанды желдету аппараты алынған. Мұндай аппараттардың қаладағы жалпы саны – 612.

Жедел жәрдем бойынша, Call-центр ашылған. Ондағы операторлар саны 3 есе артты. Әлі де арттыру жоспары бар. Қоңырау қабылдау көрсеткіші күніне 3500-ге жетті.

Бақытжан Жолдасбекұлы 2 айлық дәрі-дәрмек қорының жасалғанын да атап өтті. Сонымен қатар, брифинг барысында қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығы айтылды.

Қатысты жаңалықтар

3 баланың анасы 3 жыл бойы алимент төлемеген бұрынғы күйеуін праймеризден тапты

azatmedia

Сарапшы WhatsApp-та өшірілген хатты оқудың тың тәсілімен бөлісті

azatmedia

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ РОССИЙСКОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЯ

azatmedia

Пікір қалдыру