Соңғы жаңалықтар

Діншілдік пен тәкаппарлық

Теріс пиғылды діни ағымдар ұйым мүшелерінің құқығын бұзып, «сананы бақылау» әдісі арқылы денсаулығына, психикасына зиянын тигізеді. Көптеген миссионерлер жергілікті халық көп шоғырланған елді мекендерде тұрып, қызметтерін табысты атқару үшін сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын жеткілікті деңгейде зерттеп, үйренеді.

Жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани күйзелісте жүргендер, жеке басы мен отбасының психологиялық қиындықтарына төзе алмағандар, дәстүрлі діндерді терең білмейтіндер, әсіресе өмірлік ұстанымдары қалыптаспаған жастар теріс пиғылды ағымдар идеологиясына тез арбалады.

Дін атын жамылып, дүнияуи мақсаттарды көздеген, прозелитизммен белсенді айналысып, сенушілерді дәстүрлі діндерден ажыратуды мақсат еткен теріс пиғылды жат ағымдар жүргізген идеологиялық шабуылдардың бірі – қазақ ұлтын христиандықпен ежелден етене байланысқан ел секілді көрсетіп, мәсіхшілікті ата діннен айырғысыз етіп дәріптеу, Тәурат пен Інжілдегі Құранмен сәйкестіктерді өз мақсаттарына пайдаланып, исламды христиандық конфессиялардың берісі – көшірмесі, арысы бұрмаланған нұсқасы ретінде танытуға тырысу әрекеттеріне бағытталуда.

Дін атын жамылған радикалды және теріс пиғылды ағымдардың белсенді әрекетінің салдарынан дәстүрлі қазақ қоғамын қалыптастырған рухани құндылықтар күйзеліске ұшырап, ішкі тұрақтылыққа қауіп төнеді. Осы бағыттағы ағымдар діни бірлестік ретінде тіркелмей идеологиялық тәсілдерді пайдаланатындықтан, оларға қарсы күрестің негізгі жолы да идеологиялық ағарту шаралары болатындығы белгілі.

Қазақстан Республикасының Ата Заңы мен басқа да заңнамаларының нормаларына қайшы іс-әрекет жасаған, ел азаматтарының ар-ождан бостандығы мен діни сеніміне нұқсан келтіріп, өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, отбасының бұзылуына себепкер болған, тағы басқа заңға қайшы іс-әрекеттер жасағаны анықталған теріс пиғылды діни ағымдардың ел аумағындағы қызметіне сот шешімімен тыйым салынады.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

Әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына кірген қазақ туралы не білеміз?

azatmedia

Мақсат – айқын, қызмет – қауырт!..

azatmedia

АКИМ ГОРОДА ПОСЕТИЛ СТРОИТЕЛЬНУЮ ПЛОЩАДКУ 9-ЭТАЖНОГО ДОМА В АДМИНИСТРАТИВНО-ДЕЛОВОМ ЦЕНТРЕ

azatmedia