Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: СУАРМАЛЫ ЖЕР ҚАЙТА АЙНАЛЫМҒА ҚОСЫЛМАҚ

Су-тіршілік көзі. Ауыл шаруашылығының қай бағытын алсақта сусыз ешқандай тірлік өнбейтіні белгілі. Түлкібас ауданында көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан ағынды су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Бұлай дейтініміз 2022 жылға дейін аудан аумағындағы 13 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 7015 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылмақ. Биылғы жылдың соңына дейін 13 су нысанының 7-не темір бетонмен қаптау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жалпы ұзындығы 69,1 шақырымды құрайтын «Құлый», «Танта», «Қызыл», «Боз», «Ұзын», «Бесқасқа», «Бала Құлан» магистралды каналдары 5064 гектар ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді ағынды сумен қамтымақ.Күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқан су нысандарын аралаған аудан әкімі Н.Байғұт мердігер мекеме өкілдеріне алдағы жаңбыр маусымына жеткізбей құрылыс жұмыстарын қарқындату мақсатында жұмысшылар санын көбейтіп, арнайы жұмыс кестесін құруды тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумақты учаскелерге бөліп, әр учаскеден шыққан құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленген орынға шығаруды жүктеп, жұмыстын сапалы болуын қадағалау мақсатында канал қабырғаларын бекітуге қойып жатқан темір бетондардың лабораториялық сынамасын алып тұру қажеттігін ескертті. Мамандардың айтуынша аталмыш темір бетонды инжинерлік-құрылғылардан жасалған су нысандары аудан тұрғындарына кемінде 25 жыл қызмет етпек.Сондай-ақ, аудан басшысы ағынды су бағытында өзекті мәселелер бар аймақтарға арнайы ат басын бұрып, шешу жолдарын реттеу мақсатында жауапты мекеме басшысы мен кент әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.

Қатысты жаңалықтар

Ерекше күтімді қажет ететін балалардың Елбасыға жазған хаты елді елжіретті

azatmedia

Шымкент: Полицейлер топтық төбелестің алдын алды

azatmedia

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ҚАУІПТІ ІНДЕТТІ ЖЕҢІП ШЫҚТЫ

azatmedia

Пікір қалдыру