Басты жаңалықтар

Ананың сәбиін сатуына не мәжбүрледі?

Бала

Мәскеуде 25 жастағы ана жаңа туған қызын сатпақ болды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпарат агенттігі Neonomad.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы өзімшілдік ниетпен интернетте жаңа туған қызын асырап алушыларды іздейтіні туралы жарнама жариялаған. Күдікті ата-аналармен хат алмасу барысында өзіне 300 мың рубль мөлшерінде ақша аударуды талап еткен. Содан кейін 2020 жылы 8 қазанда Мәскеудің шығысында орналасқан кофеханалардың бірінде ақшаны алып, баланы асырап алушыға тапсырды», – делінген хабарламада.

Әйел ұсталды. Еріктілердің айтуынша, қыз Дағыстанның тумасы. Оған баланың қауіпті жағдайда екенін түсіндіруге тырысты, бірақ шешесі өз шешімінен бас тартқысы келмеді.

«Әрине, оның тағдыры қиын екенін түсінеміз. Алайда біз баланың сығандарға берілетінін ескерттік, содан кейін ол баланың тағдырына алаңдай бастады. Баланы сататынын әйелдің әпкесі де білген. Ол ақшаға жаңа етік сатып алатынын айтып, хат жазысқан. Сонымен қатар, әйел ақша ұсынған тағы бірнеше клиенттермен хат жазысқан. Егер біз уақытында араласпаған болсақ, онда бұл баланың тағдыры қалай болары белгісіз еді», – деп атап өтті ұйым.

Жауап алу кезінде әйел кінәсін толық мойындады және оған айып тағылды. Қазіргі уақытта баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қылмыстық тергеу жалғасуда.

Қатысты жаңалықтар

Қарабақ үшін Ресей мен Түркия соғысуы мүмкін

azatmedia

Аймағамбетов «Әліппе», «Ана тілі» пәндерін қолданысқа қайта енгізуге күш салып жатыр

azatmedia

Сәкен Майғазиев: «Ез еркектер, естеріңді жиыңдар!»

azatmedia

Пікір қалдыру