Басты жаңалықтар

Тойдағы шу. 500 қонақ тексерушілерге шабуыл жасаған

Таразда мониторинг тобы бір мейрамханада бірнеше банкет өтіп жатқанын анықтады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Мейрамхана есігі жабық болған. 

«Жақында 500 адам жиналған тойды анықтадық. Клиенттердің өзі бізге шабуыл жасады. Өздерінің арасында бір адам ауырып отыруы мүмкін және ол бәріне жұқтырады дегенді мойындамайды. Бұған тыйым салынғанын түсіндіріп жатырмыз, бірақ адамдар ұқпайды», – деді мониторинг тобының мүшесі Николай Чагай.  

Телеарна сюжетінде Тазарда күн сайын 12 мобильді топ жүргізілетіні айтылды. Тексерушілер көбіне персоналдың маска және қолғапсыз жұмыс істейтінін, санитайзер қолдайнбайтынын анықтайды. Кафе иелеріне қатысты хаттама толтырылады және талаптардың бұзылғаны туралы СЭС-ке мәлімет беріледі. Барлығы 15 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда қыста ауа райы қандай болады?

azatmedia

«Сөзіңе жауап бересің» – әкім сапасыз жол проблемасын айтқан блогерді жауапқа тартпақ

azatmedia

Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

azatmedia

Пікір қалдыру