Басты жаңалықтар

SOS! Сақ болыңыз жалған ақшалар

Деньги

Шымкентте бес бірдей банк қызметкері жалған ақша өткізгені үшін тергеуге алынды. Бұл туралы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов мәлім етті, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық прталы Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте банктің бес бірдей қызметкері тергеуге алынды
Айыпталушы – Грузия азаматы. Ол осы елдің қаржы полициясында жұмыс істеген

«Шымкентте банк филиалдарының бірінде номиналы 500 еуро жалған ақшаны өткізу фактісі анықталды. Жалпы сомасы 4 000 еуроны құрады. Осы қылмысты банктің бес қызметкері жасаған. Қазіргі кезде қылмыстық істі тергеу шаралары аяқталуға жақын», – деді Элиманов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, номиналы 500 еуро жалған ақшаны жеткізудің халықаралық арнасы да анықталып, үш адам сотталды. Олардың ішінде Ресей азаматы да бар.

«Бұдан бөлек, сотта тағы бір қылмыстық іс қаралып жатыр. Айыпталушы – Грузия азаматы. Ол осы елдің қаржы полициясында жұмыс істеген», – деп атап көрсетті Элиманов.

Экономикалық тергеу қызметі республика аймағында жалған ақша жасаған екі жасырын цехты да анықтады. Мәселен, Алматы облысында бір азамат жалдамалы пәтерде 5 000 және 10 000 теңгенің жалған қағаз ақшаларын жасап келген.

Қаржы министрлігі қанша жалған ақша жасалғанын мәлімдеді

Қатысты жаңалықтар

«Бәрің жедіңіздер, мемлекет қазынасына қайтаруды талап етемін!» – Президент жемқорларға 30 күн уақыт берді

azatmedia

Қазақстандағы көлік саласына жаңа талаптар енгізілмек

azatmedia

Шымкент: Әке екі баласын жарып жібермек болған

azatmedia

Пікір қалдыру