Басты жаңалықтар

Сұмдық! Ұялы телефонның зардабы өлімге әкелді

Телефон

Алматы облысы Қарғалы ауылында 15 жастағы Ақерке Өмірбаева телефон арқылы сөйлесіп жатқанда қайтыс болған. Қайғылы жағдайдың мән-жайын қыздың әкесі айтып берді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әкесінің айтуынша, кешкі астан кейін қызы бөлмесіне кеткен, ал 10 минуттан кейін ес-түссіз жатқаны анықталған. Жедел жәрдем бригадасы көмекке ұмтылғанмен, қыздың жүрегі тоқтап, көзі жарықты сезбеген.

«Қуаттағыш арқылы ток жоғары қысыммен өткен және ұялы телефон арқылы оған соққан. Беті, құлағы арқылы. Ол бірден есінен танып қалған. Сарапшы дәрігердің айтуына қарағанда, өлім бірден болған. Қорытындыда: жүрек қарыншасының бүлкілдеуі деп жазылған. (…) Ток қолы арқылы өткенін күйіктен білуге болады: телефонды оң қолымен ұстаған. Үлкен және сұқ саусағы, беті, мойны мен құлағының артында күйген із бар», – деді әкесі Ақылжан Өмірбаев.

Телефон балқып кеткен. Сарапшылар қуаттағышымен қоса техникалық сараптамаға алған. Қайтыс болған қыз қуаттағышты жергілікті базардан 3 000 теңгеге сатып алған.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКИЯНЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

Қабланбекте кәсіпкерлік сала қарқын алған

azatmedia

Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен елді билейді – Тоқаев

azatmedia

Пікір қалдыру