Басты жаңалықтар

Базар өртке оранды

Рынок Пожар

Azatmedia.kz. 21 қазанда сағат 00:07-де Қарағанды қаласындағы «Арай» базарындағы өрт туралы хабар түскен. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Өрт сөндірушілердің оқиға орнына 6 минутта барды. Келген сәтте базар аумағында контейнерлер ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Объектінің электр тоғынан ажыратылмағаны, сондай-ақ жақын тұрған басқа контейнерлерге оттың ауысу қаупі болғандықтан, өртті сөндіру қиындай түскен. Өрт сөндірушілер жапсарлас орналасқан контейнерлерді ашып, заттарды сыртқа шығарды, – делінген хабарламада. 

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД-нің 50 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 01:23-те жойылды. Өрт 14 сауда контейнерін жалпы ауданы 200 ш.м. жерді шарпыған.

Жанып жатқан контейнерлердің бірінде өрт сөндірушілер үлкен сомма ақша тауып, оны иесіне қайтарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Қатысты жаңалықтар

20-дан астам қызметкері бар еңбек ұжымына екпе салдыру міндеттеледі – ДСМ

azatmedia

Шымкенттегі ипподром дауына қатысты экс-әкімдердің пікірі де екіге жарылды

azatmedia

Түркістанда әкім елдің қаржысына салынған спорт кешенін сатып жіберген

azatmedia

Пікір қалдыру