Соңғы жаңалықтар

Елімізде карантин талаптары күшейеді

Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында карантин талаптарын күшейту мәселесіне тоқталды, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Үкімет отырысында пермьер-министр Асқар Мамин басқа шекаралас мемлекеттер арасында вирустың таралуының жаңа толқыны басталуына орай 15 қазанға дейін барлық дайындық жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

«Жалпы елдегі санитарлық эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Дегенмен әлемде және бірқатар шекара маңындағы елдерде эпидемияның тұрақсыздығын ескеріп, біз санитарлық талаптарды сақтау шараларын күшейтуіміз қажет. Мүдделі мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері санитарлық эпидемиологиялық іс шараларды жүргізіп, дайындықты қамтамасыз етсін», – дейді Асқар Мамин.

Сонымен қатар, ол өңірлерді толыққанды қамтамасыз етіп, карантиндік бақылауды күшейту керек екеніне де тоқталған.

«Денсаулық сақтау министрлігі көшпелі медициналық кешендер мен жедел жәрдем автокөліктерін қажетті техника мен жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдарын сатып алуды қамтамасыз етіп, оларды 15 қазанға дейін өңірлерге тарату бойынша барлық қажетті шаралар қабылдансын. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға келетіндерді карантиндік бақылауға алуды күшейтсін. Министрлікке карантин талаптардын күшейтуді, ережеге бағынбағандарға жаза қолдануды тапсырамын», – дейді премьер-министр.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан: Тұрмысы төмен отбасылар Сарыағаш қаласы әкімдігінің басты назарында

azatmedia

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» ЖҰМЫС ТАБУҒА ЗОР МҮМКІНДІК

azatmedia

ПОСЛЕДСТВИЯ ШТОРМОВОГО ВЕТРА УСТРАНЯЮТ В ШЫМКЕНТЕ

azatmedia

Пікір қалдыру