Соңғы жаңалықтар

БЕЛГІЛІ АҚЫН ӘКІМ ЫСҚАҚТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ақын, сазгер, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен кездесті.
Кездесу барысында шаһар басшысы Елбасы ұсынған рухани жаңғыру — бүгінде ұлттық идея деңгейіне көтерілгенін, мемлекет қоғамның рухани-мәдени дамуына айрықша назар аударып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, М.Әйтенов ұлттық кодты сақтау мен Мәңгілік Ел мұраттарына қол жеткізуде шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

—Сіз қазақ поэзиясы мен сатирасына елеулі сіңірген еңбек сіңірдіңіз. «Қарлығаш», «Гүл қауызындағы тамшы», «Күн ұлымын» атты жыр жыйнақтарыңыз бен әсем әндеріңіз көпшілікке кеңінен танымал. Сонымен қатар Сіздік «Абзалдық әліппесі», «Жүректегі жазулар» сынды туындыларыңыздың тәрбиелік мәні зор, — деген Мұрат Дүйсенбекұлы ақынды асқаралы 60 жасқа толуымен құттықтап, оған шалқар шабыт пен зор денсаулық тіледі.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласының Абай атындағы орталық кітапханасында Әкім Ысқақтың 60 жылдығына арналған «Мөлдірейді жүректегі жазулар» атты кездесу кеші мен кітап көрмесі өтті.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ УВЕЛИЧИВАЕТСЯ КОЛИЧЕСТВО СОЦИАЛЬНЫХ МАГАЗИНОВ

azatmedia

СОСТОЯЛСЯ ОБЩЕСТВЕННЫЙ СОВЕТ ПО ПОДДЕРЖКЕ МОЛОДЕЖИ

azatmedia

Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты (Фото)

azatmedia

Пікір қалдыру