Соңғы жаңалықтар

ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтты қабылдады.

Шаһар басшысы қаламгерді 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ұлт әдебиеті мен мәдениетін дамыту, қоғамдық саныны кемелдендіру, жас ұрпақтың бойына ізгілік пен отаншылдық сезімін сіңіру жолындағы еселі еңбегі үшін алғыс айтты.

—Сіз туған өлкеңізден алшақтамай-ақ оңтүстік өңірде өзіндік әдеби орта қалыптастырдыңыз. Қоғамдық істерге белсене араласа жүріп, қасиетті Түркістан мен шырайлы Шымкенттің рухани-мәдени тұрғыда өркендеуіне қомақты үлес қостыңыз. Сіздің «Дауыстың түсі», «Нәурізек», «Серт пен сенім», «Машаттағы махаббат», «Қозапая» сынды көптеген туындыларыңыз қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленген, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

М.Әйтенов қала тұрғындары атынан мерейтой иесіне зор денсаулық, шығармашылық табыс пен отбасына амандық тіледі. Өз кезегінде жазушы қала әкіміне алғыс айтып, Шымкентті көркейту жолындағы қызметінің жемісті болуына тілектестігін білдірді.
Айта кетейік, Мархабат Байғұттың шығармалары «Қазақ прозасының антологиясына» еніп, әлемнің 93 мемлекетіне тараған.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ ДЛЯ 30 ДЕТЕЙ ПРОВЕЛИ ОБРЯД «ТҰСАУ КЕСЕР»

azatmedia

«Мені жезөкше етіп көрсетті» – қарағандылық порномодель полицейлерді сотқа бермек (Видео)

azatmedia

Балабақшада арнайы квота бөлінеді

azatmedia

Пікір қалдыру