Басты жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі вакцина салдырды

Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтанның № 6 қалалық емханасында маусымдық тұмауға қарсы вакцина салдырды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусымда  ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелді, оның ішінде 2 жарым мыңнан fcf науқас зертханада анықталған тұмауға шалдыққан. Оның 284 033-і немесе 61,4 пайызы 14 жасқа толмаған балалар. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін, сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан бұл жолы елімізде вакцинацияны жылдағыдан екі апта бұрын бастаймыз. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан  өткен, сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып  екпе салдырдым», – деді Цой.

«Вакцинация тәуекел тобына кіретін  адамдарүшін тегін, атап айтқанда:

мектеп жасына толмаған және мектеп жасындағы балалар;
медицина қызметкерлері;
жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі);
жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп-интернаттар;
созылмалы ауруы бар ересектер мен балалар;
60 жастан асқан қарт адамдар«, – делінген министрліктің хабарламасында.

Тұмауға қарсы ақылы вакцинация жеке орталықтарда және емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі дейді ведомстводағылар.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 300 АДАМҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

azatmedia

Анасымен 55 жылдан кейін қауышты

azatmedia

Пікір қалдыру