Басты жаңалықтар

Шымкент бюджетті игеру бойынша Республикада бірінші орында

Шымкент Әкім

Мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген республикалық бюджет қаржысын игеруде Шымкент қаласы еліміз бойынша көшбастап тұр, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

2020 жылдың 1 қазанындағы есепті кезеңде бюджет қаржысы 100 пайызға иегерілген. Бұл туралы қаржы басқармасы мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, қаланың дамуына республикалық бюджеттен бөлінген 454,5 млрд. теңгенің қазан айына жоспарланған 300,5 млрд теңге қаржы толығымен иегерілген. Сондай-ақ, 33,5 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаржысы үнемделіп отыр. Ал, қалған 150 миллиарттан астам қаржы жыл соңына дейін толығымен игерілетін болады.

Айта кетейік, қала бюджеті республикалық статусқа дейін 133 млрд. теңге болса, 2020 жылға 321,5 млрд. теңгеге артты. Бүгінге қала бюджеті 454,5 млрд. теңгеден асып отыр, оның 47 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды

azatmedia

Қазақстанда алғаш рет сурдоаудармасы бар білім беру порталы іске қосылды.

azatmedia

Алматыда тоғыз жастағы бала жоғалып кетті (фото)

azatmedia

Пікір қалдыру