Басты жаңалықтар

Сенбі күні қоғамдық көліктер тоқтатылмайды Барлық құқықтар қорғалған

Автобус

Шымкент қаласының аумағында 14 қыркүйектен бастап 28 қыркүйекке дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантиндік шектеу шараларына бірқатар өзгеріс енгізілді.

Жаңа қаулыдағы негізгі өзгерістер ретін атап өтсек. SPA орталықтары, әсемдік салондар, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер жұмысы таңғы сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін ұзартылды. Ал қоғамдық көлік қозғалысына жұмыс күндерімен қоса сенбі күні де 07:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта жүруіне рұқсат берілді. Жексенбі күні қоғамдық көліктің қызметіне тыйым салынған. 

Жалпы Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Соңғы тәуліктерде коронавирус жағдайы тіркелмеген. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Әбішевтің айтуынша, қазіргі таңда қала бойынша 400 төсек-орын (инфекциялық төсек – 305, провизорлық – 95) бар. Оның ішінде бос төсек-орын – 335, пайызға шаққанда бос төсек-орын 85%-ды құрайды. Ал жүктеменің төмендеуіне байланысты жұмыс істеп тұрған мобильді бригадалардың саны 211-ден 123-ке дейін төмендеді.

Жалпы карантиндік шектеу шаралары эпидемиологиялық ахуалға байланысты өзгеріп отырады. Қала тұрғындары мұны дұрыс түсінуі тиіс. Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына да жоспарлы карантиндік шектеу шаралары және дезинфекциялық жұмыстардың жүйелі атқарылуы бірден-бір себеп. Дегенмен қала тұрғындары әлі де сақтық шараларын ұмытпаса дейміз.

Қатысты жаңалықтар

Алматы: Енесі келінін сабаған (ВИДЕО)

azatmedia

Түркістанда әкім елдің қаржысына салынған спорт кешенін сатып жіберген

azatmedia

Қазақстанда қыста ауа райы қандай болады?

azatmedia

Пікір қалдыру