Әлем жаңалықтары

Лукашенко: Беларусь пен Украинаны біріктіріп, екі елді басқарғым келеді

Лукашенко

Алты жыл бұрын Александр Лукашенко Беларусь-Украина одағын құруды ұсынған. Бұл туралы Еуропалық кеңестің бұрынғы президенті және Польшаның экс-премьері Дональд Туск айтып берді деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Onet поляк порталына берген сұқбатында Туск Минск 2014 жылы ЕО, Ресей Федерациясы және Украина арасында делдал болған уақытта, Беларусь президенті оған қоңырау шалып, Еуропалық Одақтан украиналық мәселені бейбіт жолмен шешудің кепілі бола алатындығына сендіруді өтінгенін жеткізді. Лукашенко сонымен қатар Беларусь-Украина одағын құру идеясын қолдауды сұраған. Тусктің сөзінше, Александр аталған ұйымның басшысы болғысы келіпті.

«Бұл Украинаға жасаған қамқорлық емес, билікті жоғалтудан қорыққан қадам болды. Содан барлығы Ресей Қырымды аннексиялауға тоқтамайды деп қорықты, ал Лукашенко оқиғалардың бақылаусыз өрбуінен қорықты. Себебі, оның құрбаны Украина ғана емес, Беларусь та болуы мүмкін еді», – деді Туск.

Қатысты жаңалықтар

Корея елінен көмек келді

azatmedia

Лукашенко резиденциясына автоматпен келді. Ғимарат алдында халық қаптап тұр

azatmedia

«Тек ақша үшін дейді»: Жап-жас ару әкесімен жасты жанға тұрмысқа шықты

azatmedia

Пікір қалдыру