Ақпарат

8 облыста дабылды ескерту жарияланды

Осень

Қазгидромет Нұр-Сұлтан қаласы мен 8 облыста дабылды ескерту жариялады деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 4 қыркүйекте Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

3 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, 4 қыркүйекте Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

azatmedia

САЙРАМДА 800 ОРЫНДЫҚ ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕП ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру