Әлем жаңалықтары Соңғы жаңалықтар

Қытайда орын алған құбылыс: Үрейі ұшқан адамдар қашып жатыр (видео)

Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы SEG Plaza сауда орталығының ғимараты кенеттен қозғалып, теңселе бастады. Үрейі ұшқан қызметкерлер мен сатып алушылар қауіпсіз жерге жүгірді деп жазады Lenta.ru.

Басылым мәліметінше, биіктігі 300 метрлік көп қабатты ғимарат Қытайдағы ең биік ғимараттардың бірі болып саналады. Желіде жарияланған видеодан адамдардың көк тіреген ғимараттан жүгіріп шығып жатқанын көруге болады.    Барлық адамды эвакуациялауға бір сағаттан астам уақыт кеткені белгілі болды. Сауда орталығының теңселуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.    

«Қаладағы жер сілкінісін бақылау станцияларының мәліметі тексеріліп, талданғаннан кейін сейсенбі күні Шэньчжэньде ешқандай жерасты дүмпуі болмағаны анықталды», – делінген хабарламада. Сарапшылар ғимараттың негізгі конструкциясында немесе сыртында қауіпсіздік ережелері бұзылмағанын, ал ішкі және сыртқы компоненттері бүтін екенін анықтаған.

Айта кетейік, SEG Plaza сауда орталығы 72 қабаттан тұрады, онда электроника дүкендері мен мейрамханалар орналасқан. Зәулім ғимараттың 50-68 қабаттары – «көктегі қонақ үй». Ғимаратта айналаны шолу алаңы да бар.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КӨП ҚАБАТТЫ 262 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

azatmedia

Мұражай құндылықтары (ФОТО)

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ «ДОНОР БОЛ! ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia