Соңғы жаңалықтар

Беларусьтегі наразылық: шеруге 2 мың тұрғын қатысты

Беларусьте 9 тамыздан бері наразылық шаралары өтіп жатыр. 27 тамызда кешке Минскіде митингіге шыққандардың қарасы көп болды. Бірақ бәрін жаппай ұстады. Елдегі наразылықтың 19-шы күні қалай өткені туралы Tengrinews.kz материалында.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ге қарай Минск тұрғындары Бейбітшілік алаңындағы Православ Әулие Духол шіркеуінен Тәуелсіздік алаңындағы католиктердің Қызыл храмына дейін шеруге шықты. Акцияға 26 тамызда ОМОН қызметкерлерінің Тәуелсіздік алаңындағы Қызыл храмнан адамдарды шығармауы себеп болған. «МБХ Медиа» мәліметінше, шеруге кем дегенде екі мың адам қатысқан.

Тәуелсіздік алаңындағы көшелер жабыла бастады. Жер асты өтетін жолдарға металл бөгет қойылды. Tut.by хабарлауына қарағанда, митингке шыққандардың алдынан форма және маска киген милицейлер, ОМОН қызметкерлері тізбектеліп шыққан. Сондай-ақ автозак пен микроавтобустар болған. Наразылық білдіргендерге заңды бұзып жатырсыңдар деген ескерту айтылған.

Сосын қарулы күштер алаңды қоршап алды және адамдарды шығармады. Қоршауда мыңға жуық адам қалған. Шеруге шыққандардың көбі және журналистер ұсталды. Арасында ресейлік БАҚ өкілдері де бар.

«Весна» құқыққорғаушыларының соңғы мәліметі бойынша, акция кезінде 153 адам ұсталған. Ресейлік журналистерді консул келген соң босатты, деп жазады «МБХ медиа».

«БелТА» мәліметінше, 27 тамызда ел президенті Александр Лукашенко митингке қатысып жатқан студенттерге әскерді кейінге қалдыруға мүмкіндік бермейтінін мәлімдеді.

«Оқығысы келетін адам оқиды, кейінге шегеруге мүмкіндік беріледі. Кім көшеге шығады немесе оқығысы келмейді, заң бойынша шара қабылдаймыз», – деді Лукашенко Минскіде өткен отырыста.

Сондай-ақ Лукашенко оппозицияның округтердегі депутаттарды шақыру талабына қатысты пікір білдірді.

«Депутаттарға көшті. Тыңдаңыздар, олардың не кінәсі бар? Сайлау өтті, депутаттарды таңдадыңыздар, бәрі келісті. Жоқ, бос сөз байтайды: депутаттарды шақыртамыз… Шақырып көріңдер. Түсініп тұрмыз: президентті құлата алмады, енді парламентті құрту керек», – деді Президент.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АЛИМЕНТТІК БОРЫШКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

azatmedia

Жыныстық қатынаспен айналысқан…

azatmedia

Деструктивті діни уағызшылардың қоғамға қауіптілігі

azatmedia

Пікір қалдыру