Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда екпе алғандар арасында бағалы сыйлық ойнатылады

«MEGA Silk Way» СОО «Астана Моторс» ҚМК және Нұр-Сұлтан әкімдігі бірлесіп «Вакцина ал — машина ұтып ал» акциясын бастайды, – деп хабарлайды zakon.kz.

23 маусым мен 31 тамыз аралығында «MEGA Silk Way» СОО-да COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алатын қазақстандықтар «Астана Моторс» компаниясынан Hyundai Accent автокөлігін ұтып ала алады. Акцияның бас серіктесі — «Астана Моторс» ҚМК.

Финалдық ұтыс ойынын 5 қыркүйек күні «MEGA Silk Way» СОО Instagram арқылы тікелей эфирде өткізеді. Сонымен қатар, апта сайын 23 маусымнан 31 тамызға дейін аралық сыйлықтар ойнатылады — тұрмыстық техника, түрлі сертификаттар және тағы басқалар.

«Астана Моторс» автокөлігінің ұтыс ойынына 18 жастан асқан және 23 маусым мен 31 тамыз аралығында COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алған қазақстандықтар қатыса алады.

Бұл акцияның мақсаты — Қазақстанда вакцинация қарқынын ынталандыру. Вакцина — COVID-19-дан қорғанудың жалғыз, тиімді жолы. Мұндай акциялар түрлі елдерде сәтті өтіп жатыр. Жақында Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия, Израиль және т.б. үкіметтері вакцинацияланғандар арасында автокөлік ұтыс ойынын өткізуді қолға алған болатын.

«Вакцина ал — машина ұтып ал» акциясы туралы толық ақпаратты mega.kz сайтынан және MEGA-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан алуға болады.

Бұдан басқа, «Азия Парк», «Mega Silk Way», «Сарыарқа», «Абу-Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия» СОО-да тұрмыстық және компьютерлік техника түріндегі бағалы сыйлықтар ойнатылады, сол сияқты жеңілдік купондары беріледі. Сондай-ақ, бұл акцияға «Мечта» электроника және тұрмыстық техника дүкендерінің сауда желісі қосылатын болады.

Қатысты жаңалықтар

Мамонттың сүйегі табылды

azatmedia

Шенділер шайқасы: Әзірге Антикор алып ұрды…

azatmedia

Жээнбеков отставкаға кетуден бас тартты

azatmedia